Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

Ғылыми қызметкер Лейла Бақытова «Жезқазғанның ғарыштық ландшафты» тақырыбында ғылыми онлайн-ғылыми семинар өткізді. Бұл зерттеу «АР08856485 Қазақстанның мәдени ландшафтындағы ғарыш: әлеуметтік және мәдени өлшем» ғылыми-зерттеу жобасының бөлігі болып табылады, Мәңгілік ел ғылыми негіздері бағыты бойынша (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер).

Толық оқу: «Жезқазғанның ғарыштық ландшафты»

2021 жылы 2 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешені бригадасының бригадирі, Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Макишев Тұрсынбек Шамбылұлына арналған «Елінің елеулі азаматтары: еңбек – ер атандырар» атты көрменің ашылуы өтті.  

Толық оқу: «Елінің елеулі азаматтары: еңбек – ер атандырар»

 «Кимешек – ұлттық қасиетті бас киім» шеберлік сабағының мәліметі

 

2021 жылы 19 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында қолөнер шебері, музейдің экспозиция бөлімінің суретші-безендірушісі Сәбира Өткелованың«Кимешек – ұлттық қасиетті бас киім» атты шеберлік сабағы өтті.

Шара барысында 1980-90 жж. этнографиялық экспедицияда жинақталған кимешектер коллекциясы дефиледе көрсетілді. Шеберлік сабақта балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы «Сәндік қолданбалы және көркемөнер бөлімінің» меңгерушісі

Толық оқу: «Кимешек – ұлттық қасиетті бас киім» шеберлік сабағының мәліметі

«Көне ұлттық музыкалық аспаптардың
 
жасалу әдісі» шеберлік сабағының мәліметі 
 
2021 жылы 17 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тарихқа тағзым күні» аясында Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның қызметкері, реставратор Азамат Бақияның «Көне ұлттық музыкалық аспаптардың жасалу әдісі» атты шеберлік сабағы өтті. 
Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен және олардың жасалу техникасымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылықтарын ояту. 

Толық оқу: 17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

 

 «Алаш арыстарының асыл мұрасы»17 наурыз – Тарихқа тағзым күні
 «Алаш арыстарының асыл мұрасы» тақырыптық экскурсиясы
2021 жылы 17 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Алаш арыстарының асыл мұрасы» тақырыптық экскурсиясы өтті.
Тақырыптық экскурсия Алаш зиялыларына қатысты зерттеушілердің деректері келтірілді. Алаш арыстарының жеке тұлғаларына тоқталып, олардың қоғамдық, саяси, мәдени еңбектері баяндалды. Еліміздің дамуына және оның қалыптасуына үлестерін қосқан XX ғасырдың ұлт зиялыларын еске алу және олардың өнегелі өмір жолдарын насихаттау. 
 

Толық оқу: «Алаш арыстарының асыл мұрасы»17 наурыз – Тарихқа тағзым күні