Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

 

2020 жылы 28 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейі 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достық керуені» атты онлайн  көрмесін ұйымдастырды.Қазақ жері ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасы екенін айғақтайтын осы көрмеде«Алтай-Дунай» халықаралық архео-этнологиялық экспедициясынан әкелінген жәдігерлер қойылды. Еске түсере кетсек, бұл экспедиция 1998 жылы құрылыпАлтайдан Дунайға дейін түйемен әлемді саяхаттау арқылы қазақ елінің өткені мен бүгінгі күнінің тарихи сабақтастығын алға тартып, ынтымақтастық пен бейбітшілік үшін қызмет ету еді. Сол кезде музей басшысы болған, әлем азаматы Б.С. Қожахметов жетекшілік еткен бұл саяхатта 300-ге жуық этнографиялық жәдігерлер, фото және бейнематериалдар, тұрмыстық заттар жинақталған болатын. Бірлік күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл көрмеде славян халықтарының  тұрмыстық заттары, еңбек құралдары, үйтұмарлар, музыкалық аспаптар т.б. қызықты жәдігерлер қойылды. Көрмеге жасалған видеоэкскурсияны музейдің youtube, facebook  парақшасынан тамашалай аласыздар.

 

 

 

 

 

 Мухамедина Эльвира

Жезқазған тарихи-археологиялық

музейінің ғылыми қызметкері