Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК
     2017 жылы 10 қарашада Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Музейлік кездесулер: Алтын қор» жобасы аясында Қазақ КСР және КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімовпен кездесу өтті. 
2017 жылы 7 қарашада Пирамида ғимаратындағы «Ұлттық мәдени салт-дәстүрлер» залында Жезқазған тарихи-археологиялық музейі мен Қ.И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік музейі ұйымдастырған «Кетбұқа және өлке тарихы» атты көрмесінің ашылуы өтті. Салтанатты шара қонақтарды әсем күй «Сарыарқаның» әуенінде дәстүрлі шашумен қарсы алудан басталды. 
Елбасы алға қойған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тарихи тұлғаларымызды танып-біліп, есімдерін жаңғыртудың маңызы айрықша.  
 
 

Толық оқу: Баспасөз мәліметі. Кетбұқаға арналған көрме.

2017 жылы 18 қазанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Алматы қаласының РМК «Ғылым ордасы» Табиғат музейінің ғылыми қызметкерлерімен «Қазақстанның мәдени мұрасы: «Палеонтологиялық жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру әдістері» атты кездесу өтті. Алматыдан келген қонақтар музейдің мәжіліс залында шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шара Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтті. 

 

Толық оқу: Қазақстанның мәдени мұрасы: "Палеонтологиялық жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру әдістері"...

 
2017 жылдың 20-шы қазанында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арналған «Әлемдік өркениетке жол ашатын әліпби» атты дөңгелек үстел өтті.   
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керек екендігін айқындап айтып өткен болатын. Қазіргі таңда осы тақырып дәйекті түрде айтылып та, жазылып та  жатыр.

Толық оқу: 20.10.2017ж. Баспасөз мәліметі

×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items