Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

2020 жылы 28 ақпанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында «1 наурыз – Алғыс айту күні» аясында Қарсақбай кентінің бас инженері, автооқыту комбинатының оқытушысы, ауылшаруашылық саласының майталманы, «Еңбек  ардагері» медалінің, бірнеше Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттардың иегері Шаймағанбетов Советқали Ақмолдаұлына (1943-2011 жж.) арналған «Ұлы ерлік баспалдағы» атты көрменің ашылуы өтті.

Толық оқу: «Ұлы ерлік баспалдағы»

 26 ақпанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы аясында «Тарихы тұнған Алтын Орда» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ұлытау-Жезқазған өңірінің музей басшылары, тарихшылары, өлкетанушылары, музейдің Ғылыми Кеңесінің мүшелері қатысты.

Мақсаты: Алтын Орданың 750 жылдығы аясында өтетін шаралардың жоспарларымен таныстыру және талқылау.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Алтын Орда тарихына қысқаша шолу жасады.

Модератор музей қызметкері, тарихшы Қабдол Әуезов болды.

Шараға жиналғандар назарына арнайы дайындалған слайд ұсынылды.

Толық оқу: Тарихы тұнған Алтын Орда»

2020 жылы 20 ақпанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде жалпыреспубликалық акция «Музейлер шеруінің» аясында «Көне дәуірге саяхат» атты музей түні өтті.
«Музей түні» жобасының негізгі мақсаты – мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызды ұйым болып табылатын музейге қала тұрғындарының назарын аударту.
 
Музей түні бағдарламасы:
 
Жанданған тарих іздері
Шеберлік сабақтар 
Интерактивті алаңдар
2020 жылы 10 қаңтарда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толуына орай Қазақ КСР-нің «Еңбек сіңірген экономисі» құрметті атағының, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің, «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісінің, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалінің және бірнеше мерекелік медальдардың иегері Исаев Ордабай Исаұлына (1924-1994 жж.) арналған «Ұлы ерлік баспалдағы» жобасы көрмесінің ашылуы ұйымдастырылды. 

Толық оқу: «Ұлы ерлік баспалдағы» жобасы көрмесінің ашылуы

×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items