Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК
2019 жылы 25 желтоқсанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында Жастар жылы және Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында «Жалынды жастар жетістігі» жобасы көрмесінің ашылуы ұйымдастырылды.
 
Жезқазған тарихи-археологиялық музейі ұйымдастырып отырған «Жалынды жастар жетісітігі» жобасының ерекшелігі – жастардың бойына патриотизм рухында тәрбие бере отырып, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанымызды өркендету жолындағы маңыздылығын, аймағымыздың өндірістік, ауылшаруашылық, әлеуметтік, ағартушылық ұйымдардың жұмысын көрсету, бағытын жете түсіндіру.

Толық оқу: «Жалынды жастар жетістігі»

2019 жылы 11 желтоқсанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Музейлік кездесулер: Алтын қор» жобасы аясында ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек даңқы», «Жаңаарқа ауданына 90 жыл»медальдарының иегері, өнер саңлағы, композитор әрі ақын Береке Көшеновтің 70 жасқа толуы құрметіне арналған  «Әнге ғашық жүрек» іс-шарасы өтті.

Толық оқу: «Музейлік кездесулер: Алтын қор»

2019 жылы 6 желтоқсанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы аясында, ақын Тайжан Қалмағамбетовтің 140 жылдығына арналған «Өресі биік өнер иесі» атты экспозицияның ашылу салтанаты өтті.

Толық оқу: «Өресі биік өнер иесі» экспозициясының ашылуы

2019 жылы 9 қазанда Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайындағы көрме залында «Ұлытау – ұлт ұлағаты» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ұйымдастырушылары – Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұжымы мен Шынболат Ділдебаев көрме залының басшысы, ақынның жары Гүлсара Ділдебаева.

Толық оқу: «Ұлытау – ұлт ұлағаты» көрмесінің мәліметі

×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items