Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен Жезқазған тарихи-археологиялық музейі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларын жүзеге асыру аясында, Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылдың 11-13 маусым күндері «Ұлы Дала мұрасы» атты Халықаралық музейлер фестивалін өткізді.  

Толық оқу: «Ұлы Дала мұрасы» Халықаралық музейлер фестивалі

2019 жылы 26 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Жезқазған қаласының 65 жылдығы аясында «Чернобыль апаты – ғасыр қасіреті» атты экспозициясының салтанатты ашылуы өтті. 
Бұл шара Жезқазған қаласы әкімдігінің,  Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Жезқазған қалалық «Чернобыль жаңғырығы» бірлестігінің төрағасы Мұхит Үңгітбаевтың қолдау көрсетуімен және Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Толық оқу: «Чернобыль апаты – ғасыр қасіреті»

2019 жылы 22 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында музейдің ұйымдастыруымен Жезқазған қаласының 65 жылдық мерейтойы және суретші-флорист Ширина Тамара Васильевнаның 75 жылдық мерейтойына арналған «Бәрі де Сіздер үшін, достарым!» атты көрменің ашылуы өтті. 

Толық оқу: «Бәрі де Сіздер үшін, достарым!»

2018 жылдың 30 қарашасында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті.

Толық оқу: «Ұлтымыздың ұлықтаған Ұлыс күні»

×

Внимание

There is no category chosen or category doesn't contain any items